Жаңалықтар

Республикалық «Tekturmas» журналының тұсаукесер рәсімі өтті

The final spritzer

Жамбыл облысының ақпарат айдыны тағы бір мерзімді басылыммен толықты. Бүгін «Aulieata-media» серіктестігіне қарасты «Tekturmas» республикалық  журналының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен салтанатты жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері және көзіқарақты оқырмандар қатысты.

Аймақ басшысының орынбасары Серік Жақсылықұлы қазақтың бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеу жолында жарық көріп отырған «Тектұрмас» журналының мән-маңызына кеңірек тоқталды.

Сонымен қатар іс-шара барысында алғашқылардың бірі болып сөз алған «Aulieata-media» серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы «Tekturmas» журналының  бағыт-бағдары мен басты басымдықтарын атап, медиахолдингтің толайым шығармашылық табысы туралы баяндады.

Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Пернебай Дүйсенбин мен «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, драматург Елен Әлімжан жаңа басылымға қатысты ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.

Рухани басқосудың негізі бөлімінде жаңа журналдың тұсауын салтанатты түрде Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы мен драматург Елен Әбдуатұлы және жазушы Пернебай Дүйсенбин кесті. 

Өңірге жасаған жұмыс сапары барысында жақсы істің басынан табылған Мәлік Нұржанұлы жаңа басылымның редакция алқасына толайым шығармашылық табыс тіледі.