Жамбыл облысында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 13 сәуір күні Астана уақытымен сағат 09:23-де Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан және Жамбыл облысында сезілді. Ресми мәліметте Тараз қаласы мен өңірге қарасты он ауданда 2-3 баллдық тербеліс байқалған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ешқандай дерек тіркелген жоқ.