Боксшыларымыздың болашағы жарқын

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» баспасөз алаңында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жамбыл» кәсіпқой бокс клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Тілегенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында брифинг өткізді.
Мекеме басшысының айтуынша, аталған клубтың міндетіне спорттық, Олимпиадалық, Паралимпиадалық қозғалысты дамыту, халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, боксшылардың жоғары жетістіктерін одан әрі дамыту, боксшылардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру кіреді.
Мекемеде 155 боксшы тіркелген. 19 оқу топтары бар. Оның ішінде 9-ы спорттық жетілдіру тобы, 10-ы оқу-жаттығу тобы болып саналады. Аталған боксшылар арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 35 Қазақстан Республикасының спорт шебері бар екен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне 114 боксшы үміткер болып отыр. Бұл боксшыларға 20 жаттықтырушы бокс өнерінің әдіс-тәсілдерін үйретуде. Оның ішінде жетеуі Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Сонымен қатар, 10 жоғары санатты, 3 бірінші санатты жаттықтырушылар еңбек етуде.
Сондай-ақ, ол журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ