Нарықта өз орны бар кәсіпорын

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – фосфат шығарудан бастап, оның тасымалын өзі ұйымдастырып, өнімдерін Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытай, АҚШ пен Үндістан нарығына шығарып келеді. Бір сөзбен айтқанда, серіктестік ТМД елдері арасында және Қазақстанда фосфорлы өнімдер өндіретін жетекші кәсіпорын болып табылады. Осылайша ол Қазақстанның химия саласын дамытуға, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеуші және жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде қалыптасуда.
Компанияның персоналды оқыту және дамыту жөніндегі бас маманы Серік Хұсайыновтың айтуынша, Жаңа Жамбыл Фосфор зауыты (ЖЖФЗ) 1978 жылы құрылған. Онда сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер өндіріледі. Бүгінде мұнда 2,2 мыңға жуық адам еңбек етеді. Зауыт мамандары өндіретін өнімдер – АКМ-312 агломерат, сары фосфор, техникалық термиялық ортофосфор қышқылы, техникалық натрий триполифосфаты, техникалық натрий гексаметофосфаты, түйіршіктелген термиялық фосфор шлактары, феррофосфорты техникалық грифосфорат қышқыл, тағамдық натрий триполифосфаты. Өнімі тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де сұранысқа ие.
ЖЖФЗ көптеген марапаттарға ие. Атап айтсақ, кәсіпорын «Еуропалық арка» – Испания өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері қауымдастығының жүлдесі; «Гауһар жұлдыз» - Мексика; Алтын глобус – Копенгаген, Дания; «Химия-2009» 15 ші халықаралық көрмесі аясындағы «Пластика өнеркәсібі» 10-шы Халықаралық мамандандырылған көрмесінде натрий триполифосфатының сапасы үшін алтын медаль; «Химия-2009» 15-ші халықаралық көрмесі аясындағы «Пластика өнеркәсібі» 10-шы Халықаралық мамандандырылған көрмесінде термиялық ортофосфор қышқылының сапасы үшін қола медаль алған.
– Облысымыздың жер қойнауы түрлі пайдалы қазбаларға бай. Еліміздің оңтүстігінде – фосфор көзі болып табылатын фосфоритті жыныстың үлкен қабаттары қатталып жатыр. Қаратау жоталарының бойындағы құнарлы тастың бірегей кен орындары кеңес заманында химия өнеркәсібінің қарқынды дамуына себеп болды. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты «Қазфосфат» ЖШС-ның құрамына кіретін ең ірі филиалы, сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт. Зауыт іске қосылған соң ЖЖФЗ әлемдік тәжірибеде алғаш рет фосфат шикізатының агломерацияланған ұсақтарынан сары фосфор алу технологиясы енгізіліп, баяу гидратацияланатын натрий үшполифосфаты өндірісі игерілді. Сары фосфорды пешке жібергенде балқытылған өнімдер түзіледі, олардан түйіршіктелген шлак пен феррофосфор алынады. ЖЖФЗ өнімдерінің негізгі бөлігі ТМД елдеріндегі тұтынушыларға, Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Германия елдеріне экспортталады.
Жалпы жаһандық сары фосфор нарығында NDFZ Bayer, Clariant және Akzo Nobel (Германия), сондай-ақ Alwernia (Польша) сынды компаниялар жетекші өндіруші, жеткізуші болып табылады. Сондай-ақ, Натрий үшполифосфаты нарығында NDFZ Henkel өнеркәсіптік кәсіпорындарына, Procter & Gamble трансұлттық корпорациясына, ресейлік Новомосковскбытхим компаниясына және Түркиядағы зауыттарға жетекші жеткізуші болып табылады. Сонымен қатар NDFZ Ресей, Украина, Беларусь және Молдовадан келген синтетикалық жуғыш заттарды өндірушілерге натрий триполифосфатын жеткізеді.
NDFZ компаниясының өндірістік құрылымы көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл ұсақтау және кептіру цехтары, агломерат, сары фосфор, термиялық фосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты; азот-оттегі-компрессорлық, технологиялық жабдықтар мен желдету жүйелерін орталықтандырылған жөндеу, жөндеу-механикалық, жөндеу-құрылыс, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдары, байланыс, сумен жабдықтау және талдау бөлімдері; автомобиль көлігі, тұрмыстық, техникалық бақылау және т.б.
Сондай-ақ, кәсіпорында өндірістік қазандық, жылу және газ желілері бар. Серік Хұсайыновтың айтуынша, ондағы жұмысшыларға қызмет көрсетілетін арнайы емхана үнемі өндірістік уланулар, жарақаттар, аурулар кезіндегі алғашқы медициналық көмек, жұмысшыларды ауысым алдындағы медициналық тексеру, тіс ауруларының алдын алу, анықтау және емдеу, физиотерапевттің нұсқауы бойынша физиотерапиялық процедураларды тұрақты жүргізіп отырады. Жоғарыда айтылғандай зауыттың әрбір қызметкері өз міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ