Аймақ

Таразда ыстық су уақытша өшіріледі

The final spritzer

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымының аяқталуы бойынша штаб отырысы өтті.

Басқосу барасында Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев жылыту кезеңінің өту барысына кеңінен тоқталды.

Бұдан кейін «Таразэнергоорталық» мекемесінің бас инженері Әбутәліп Серікбаев пен «ТаразТрансЭнерго» мекемесінің директоры Арман Бектібаев та күн тәртібіндегі мәселе жөнінде баяндама жасады. Шаһар басшысы өз кезегінде келесі жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша облыс орталығында жылыту маусымын қала әкімінің тиісті өкімімен 14-сәуір күні, сағат 00:00-ден бастап аяқтау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар гидравликалық тығыздау жұмыстарына орай Тараз қаласында 14-сәуірден 14-мамырға дейін, яғни 1 ай мерзімге ыстық су беру уақытша өшіріледі.

 

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.