Аймақ

Мегажобалар жүзеге асса, мыңнан астам жұмыс орны құрылады

The final spritzer

Президентіміз тапсырған міндеттің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл істе отандық кәсіпкерлерді қолдауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдары да айтулы үлес қосуда. Облыстағы кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаевтың айтуынша, аймақта жалпы құны 3,2 триллион теңгені құрайтын 80 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпыұлттық пулға 2,6 триллион теңгені құрайтын 49 жоба енгізілген. Ал 41 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада орналастырылған, бұл 1,4 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.