Жаңалықтар

Жамбылда сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті

The final spritzer

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты құралдардың бірі алдын алу және оған қарсы мәдениет қалыптастыру. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 80 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам адам қамтылды.