Әлемдік «Оскар» сыйлығына жаңа санат енді

АҚШ киноөнері академиясының дәстүрлі жүлдесіне каскадерлік санат енгізілді, деп хабрлайды aqjolgazet.kz
Жаңа номинация үш жылдан кейін, яғни 2028 жылы салтанатты түрде табысталады, бұған 2027 жылы жарық көрген кинокартиналар бақ сынайды.
Тарихқа зер салсақ, отандық киноиндустрия өнімдерінен ең алғаш аталмыш сыйлыққа 1992 жылы Ардақ Әмірқұлдың «Отырар өлімі» атты киносы ұсынылған болатын. Ал 2008-2009 жылдары Сергей Бодровтың «Моңғол» кино туындысы мен Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі және Сергей Двроцевойдың «Айка» толықмертражды киносы кинофестивальдің лонг-лист пен шорт-листіне енді.
Айта кетейік, басқа кинофестивальдерден ерекшелігі «Оскар» әділқазылар алқасының шешімімен емес, академия мүшелерінің жалпы дауыс беруінің нәтижесі бойынша табысталады. «Оскар» - әлемдегі ең маңызды және беделді кино сыйлық. Қазіргі таңда «Оскар» 24 негізгі номинация бойынша тапсырылады.