Адал еңбек абыройға жетелейді

Президентіміздің Жарлығымен биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында түрлі еңбек адамдары газет-журналдар мен телеарналарда көрсетіліп, олар мектептер мен түрлі оқу орындарында және кітапханаларда кездесулер өткізіліп жатқаны белгілі. Сондай кездесулердің бірі – Ғани Мұратбаев атындағы кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Тараз қаласының А.Гайдар атындағы №35 мектепте «Жасыл ел – Тараз» серіктестігінің жұмысшысы Ербол Жұмасаевпен өтті.