Жүректен орын тапқан жолсапар

Білім қызметкерлері кәсіподағының біріккен комитеті облыстық филиалының ұйымдастыруымен жақында колледж мұғалімдері Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласы мен Самарқан шаһарына саяхат жасап қайтты.
«Тараз-Профсоюз-Турист» экскурсоводы Жанат Өсербаеваның айтуынша, екі күнге созылған саяхатқа 10-ға жуық колледжден барлығы 38 мұғалім тартылған.
Келесі күні кәсіподақ мүшелерінің сапары Самарқанда жалғасын тапқан. Туристер тарихи қаламен кеңірек танысуға мүмкіндік алды. Әмір Темір кесенесі, Реигистан алаңы жолсапар мен Шахи-зинда кесенесін тамашалау барысында ерекше әсерге бөленді. Көне қаланың бұдан басқа да сән-сәулеті көпшілікті ғажап көрінісімен баурап алған еді. Өз әсерімен бөліскен Сарымолдаев атындағы арнайы орталық кәсіподақ ұйымының төрағасы Айнаш Керімбаева Өзбек еліндегі сапардан ерекше әсермен оралғанын айтты.
Диас МАРАТҰЛЫ,
журналист.