Жаңалықтар

«Жасыл ел» еңбек жасағы іске кірісті

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Кеше «Жеңіс» саябағында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен акция аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының ашылу салтанаты өтті.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, өз ауламыз бен қаламызды таза ұстау – әрбірімізге парыз. Еңбек маусымының салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, жастар жасағына сәттілік тіледі. Мұнан соң, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз алып, жастарды жігерлендірсе «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстағы төрағасы Сұңғат Абай жасақтың биылғы жұмысына тоқталды.

Шағын концерттік бағдарламадан кейін еңбек жасағы қаладағы «Қарахан» мазары мен «Қызылабад» елді мекеніне көшеттер отырғызды.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА