Жаңалықтар

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

«Отбасы банк» баспасөз қызметінің мәліметінше, «Наурыз» бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды. 

Сондай-ақ, банк бір несие аясында тұрғын үйді жөндеуге қосымша қаражат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал тізімнен өзін таппаған салымшыларға бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмыс істейтіні және депозитті тұрақты түрде толықтырып отырса, келесі іріктеулерге қатысу мүмкіндігі бар екенін ескертті.