Жаңалықтар

Тараз қаласы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

The final spritzer

Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымына Нұрдос Сембек тағайындалды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Нұрдос Болатұлы 1993 жылы 4 сәуірде Талас ауданында дүниеге келген.

2011-2015 жылдары - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013–2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» Жамбыл облыстық филиалы «Jambyl» телеарнасында редактор-диктор, тележүргізуші;

2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз-хатшысы;

2020-2021 жылдары «Әулие-ата» медиа-холдингі ЖШС-де SMM бөлімінің басшысы;

2021 жылы «Taraz Post» ақпарат агенттігінің атқарушы директоры;

2021-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі;

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Үйленген, бір баланың әкесі.