Қазақстан – терең өңдеу саласында бәсекеге қабілетті ел болуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін, енді соны тиімді пайдаланатын кез келгенін айтып, «Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауыл шаруашылығына қажетті қаржы салынған жоқ. Оған қоса бұл салада жемқорлықпен айналысатын алаяқтар белең алды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр. Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет», – деген болатын.
«Шаруаларды қолдау шаралары арта береді»
Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өткен кешегі кезде суде о сылай деді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондайақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара ісқимыл бағыттары талқыланған келелі жиында, сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында алға қойған міндетіне сәйкес, алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін екі есе арттырудың келешегі қаралды.
Кезде суде Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, бүгінде ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 миллиард теңге табу оңай емес, алайда, біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар», – деді ПремьерМинистр.
Жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды қолдау шараларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өткен жылы 580 миллиард теңгеге дейін және несиелеуді мерзімінен бұрын іске қосу арқылы биыл рекордтық 700 миллиард теңгеге дейін артқан (бұрын қаржыландыру 140 миллиард теңгеден аспаған).
Алғаш рет көктемгі дала жұмыстарында қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдендірудің арнайы бағдарламасы енгізілді. Бір жыл ішінде қаржыландыру көлемін 80 миллиард теңгеге ұлғайту арқылы 5 пайызбен 200 миллиард теңгеге дейін жеткізу ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің қолжетімділігін арттырды, бұл ретте техниканың өзі кепіл, ал жарна инвестициялық субсидия бола алады.
Министрдің айтуынша, Азық-түлік корпорациясына форвардтық сатып алуларға 30 миллиард теңге, географияны кеңейту үшін экспорттық шығыстарды субсидиялауға 40 миллиард теңге бөлінген. Қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру үшін несие беру өткен жылдан басталған болатын. Несиелеу көлемі 35 миллиард теңгені құрайды. Биыл бұл мақсаттарға 48 миллиард теңге бөлу міндеті тұр. Айналым мақсаттары үшін жеңілдікті несиелер қайта өңдеуді жүктеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жиында Үкіметтің ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны айтылды. Осылайша, мал бордақылау алаңдары үшін қолдау құралдары әзірленуде, жеңілдікпен несие беру және субсидиялардың жеңіл әкімшілендірілетін түрлерінің пайдасына селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау қайта қаралмақ.
Аграрлық сектор өкілдері не айтты?
Алқалы басқосуда өсімдік шаруашылығы және баубақша, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, өнімді өңдеу және экспорттау сияқты аграрлық сектордың түрлі бағыттарының өкілдері сөз сөйледі. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығын басқаратын және Қостанай облысындағы екі құс фабрикасына иелік ететін «Жас Қанат-2006» ЖШСнің бас директоры Қайрат Майшев құстың тұтас етін бөлу және қайта өңдеу көрсеткішінің өсіп келе жатқан үрдісін атап өтті. Оның айтуынша, осыған байланысты қайта өңдеушілер үшін айналым қаражатын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске қосу шикізатты дайындауға, үздіксіз өндірісті қамтамасыз етуге және өнімді нарыққа жеткізу үшін тауарлық-материалдық қорларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Агрофирма «Родина» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр өз сөзінде биылға жоспарланған алдағы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы мәселелеріне тоқталып, ақпарат жинау және Қазақстанның АӨК қатысушыларының мәртебесін айқындау үдерісін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін есепке алудың бірыңғай базасын құру қажеттігін атап өтті.
«AmalBio» ЖШС-нің директоры Асқар Сабыров болса, ауыл шаруашылығының өндірістік үдерістеріне инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, ауылдық жерлерде инженерлік инфрақұрылым салу мәселелерін көтерді.
Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа назар аударды. Ол үшін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісі заманауи агротехнологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өнімдер түрін кеңейтуге ұмтылуы тиіс.
Отандық өнімдер көрмесінде – жаңа жобалар
Сондай-ақ, Премьер Министр агроөнеркәсіп кешеннің отандық өнімдері көрмесін тамашалады. Сүт және ет өңдеу салаларының жобалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және тамақ өнеркәсібі саласындағы шешімдер ұсынылды. Олардың қатарында қуаттылығы тәулігіне миллион данадан астам жұмыртқа өндіретін Ақмола облысында жұмыртқаны терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба бар. Кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ және жұмыртқа ұнтағынан бастап арнайы тағам қоспаларына дейін терең өңделген өнімдердің кең түрін шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнім түрін ұлғайту үшін Amal Bio кәсіпорнының өндірістік тізбегіне енгізілген инновациялық шешімдер таныстырылды.
Премьер Министрге экспорт нарығының кеңеюі туралы баяндалды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін салу, құрғақ мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру, тамақ өнімдеріне арналған қаптамалардың жаңа түрлері және басқа да жобалар таныстырылды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП