Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады

1 мамырдан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды aqjolgazet.kzz
Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады.
Көлік министрлінігің пайымдауынша, әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.