Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Басқосудың мән-маңызы мен спикерлердің пікірі primeminister.kz ресми сайтында жарияланды.
Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында алға қойған міндетіне сәйкес, алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін екі есе арттырудың келешегі қаралды.
Кездесу басында сөз алған Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды қолдау шараларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады:
егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өткен жылы 580 млрд теңгеге дейін және несиелеуді мерзімінен бұрын іске қосу арқылы биыл рекордтық 700 млрд теңгеге дейін артты (бұрын қаржыландыру 140 млрд теңгеден аспаған). Алғаш рет көктемгі дала жұмыстарында қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдендірудің арнайы бағдарламасы енгізілді;
бір жыл ішінде қаржыландыру көлемін 80 млрд теңгеге ұлғайту арқылы 5%-бен 200 млрд теңгеге дейін жеткізу ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің қолжетімділігі артты, бұл ретте техниканың өзі – кепіл, ал жарна инвестициялық субсидия бола алады;
Азық-түлік корпорациясына форвардтық сатып алуларға 30 млрд теңге, географияны кеңейту үшін экспорттық шығыстарды субсидиялауға 40 млрд теңге бөлінді;
қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыру үшін несие беру өткен жылдан басталды. Несиелеу көлемі 35 млрд теңгені құрайды. Биыл бұл мақсаттарға 48 млрд теңге бөлу міндеті тұр. Айналым мақсаттары үшін жеңілдікті несиелер қайта өңдеуді жүктеуге мүмкіндік береді.
Премьер-министр агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа назар аударды. Ол үшін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісі заманауи агротехнологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өнімдер түрін кеңейтуге ұмтылуы тиіс.
Сондай-ақ Премьер-министр агроөнеркәсіп кешеннің отандық өнімдері көрмесін тамашалады. Сүт және ет өңдеу салаларының жобалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және тамақ өнеркәсібі саласындағы шешімдер ұсынылды. Олардың қатарында қуаттылығы тәулігіне млн данадан астам жұмыртқа өндіретін Ақмола облысында жұмыртқаны терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба бар. Кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ және жұмыртқа ұнтағынан бастап арнайы тағам қоспаларына дейін терең өңделген өнімдердің кең түрін шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнім түрін ұлғайту үшін AmalBio кәсіпорнының өндірістік тізбегіне енгізілген инновациялық шешімдер таныстырылды, Премьер-министрге экспорт нарығының кеңеюі туралы баяндалды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін салу, құрғақ мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіру, тамақ өнімдеріне арналған қаптамалардың жаңа түрлері және басқа да жобалар таныстырылды.