Аймақ

Инклюзивті білім беруденені ескеру керек ?

The final spritzer

Кейінгі уақытта дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалар саны жыл сайын артып келеді. Қалай болғанда да олар қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде барлық мүмкіндіктерге теңдей ие болу керек. Мұндай балалардың дамуындағы ең маңызды мәселе – білім алу. Бұл ретте мәселе тек құжат пен кәсіп иесі болумен шектелмейді, осындай балаларды әлеуметтендіру міндеттері туындайды. Қазақстанда сол мақсатта инклюзивті мектептер ашуда, туризм және театр саласында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан, ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру кешенді көзқарасты талап етеді. Бұл инклюзивті білім беруді, кедергісіз ортаны құруды, қоғамдық кеңістіктерді бейімдеуді, сондай-ақ балалардың өздері мен олардың айналасындағы адамдардың психологиялық дайындығын қамтиды.

Баланың өзін оқшауланбаған, керісінше, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі өте маңызды. Осыны мақсат еткен «Amanat» партиясы облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасы «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Онда алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстар жүйеленіп, өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланады.

Инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, өзекті сұрақтарды талқылау және тиімді ұсыныстар мен іс шараларды әзірлеу үшін кәсіби алаң құруды мақсат еткен конференция панельдік пікірталас алаңдарының жұмысымен басталды. Пікірталас алаңдары «Білім және инклюзия», «Инклюзия және отбасы», «Инклюзия және психологиялық-медициналық қолдау», «Инклюзия және әлеуметтік қолдау» тақырыптары бойынша өтті.

«Amanat Pikir» диалог алаңының модераторы, облыстық мәслихаттың депутаты Айман Әшімова бұл басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов ерекше қажеттілігі бар балалардың саны артып келе жатқанын, олардың әлеуметтену мәселесі өзекті болып отырғанын айтты.

Өскелең ұрпақ үшін кедергісіз орта құру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты белгіленгенін айтқан Дауыл Бейсенқұлов бірқатар мәселелерге де тоқталды.

Оқу ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бұтабаева бейнебайланыс арқылы өз ойын ортаға салды. «АИСТ» инклюзия және технология академиясының директоры Айкерім Кудеринова балаларға заман талабына сай білім беріп, қоғамдық ортаға бейімдеуде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Конференцияға облыс әкімдігінің басқарма басшылары, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінең басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен ата- аналар да қатысты. Келушілердің назарына ерекше қажеттіліктері бар балалардың қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА