Жаңалықтар

Таразда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

The final spritzer

Қазақстанның әр аймағында экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы кеңінен қолдау тауып келеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Іс-шараға қатысқан облыстық және Байзақ аудандық филиалының қызметкелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Қызыл Жұлдыз және Қостөбе ауылдарының аралығында күре жолдың бойын күл-қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты.

Айта кетейік, тазалық акциясына 100-ден астам адам қатысты. Олар аудандық маңызы бар авто жолдың бойын тазартып, тұрғындарды айналаны таза ұстауға шақырды.

Тілге тиек ете кетерлігі, партияның бастамасы өткен жылдан бері жалғасын тауып келеді. Мәселен, 2024 жылы облыс көлемінде 10 мыңнан астам адамның қатысуымен, өзендер мен каналдар, мәдени мұра ескерткіштерінің орындарына тазалық жұмыстары жүргізіліп, 13 мың тоннадан астам қоқыстар жиналған. Ал, биыл 500-ден астам адам осы шараға қатысып, 15 тонна қоқыс тазалауға ықпал еткен.

Өңірде «Таза бейсенбі» акциясы әр апта сайын ұйымдастырыла беретін болады. Бұл акция – тек  қоқыс жинаумен шектелмейді, ол жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді.