Жаңалықтар

Жас оқырмандар газет шығару үдерісімен танысты

The final spritzer

Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің бір топ студент-оқырмандары облыстық «Aq jol» газетінің редакция жұмысымен танысты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Аulieata-media» серіктестігіне қарасты өңірдің ғасыр шежіресіне айналған басылымның Бас редакторы, қаламгер-журналист әрі халық қалаулысы Оралхан Дәуіт жас оқырмандарды редакция алқасымен жеке өзі таныстырып, жанқиярлық еңбектің түрлі қыр-сырымен бөлісті.

Сондай-ақ, қазақ журналистикасының корифейі – Шерхан Мұртазаның атын алған Баспасөз үйіне бас сұққан жас оқырмандар мамандыққа қатысты көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. 

Тағылымға толы кездесу соңында Оралхан Әбдірашұлы жастарға «Газет оқу – зиялылық белгісі» екенін атап өтіп, мерзімді баспасөзді үзбей оқуға үндеп, жазу-сызуға бейімі бар қыз-жігіттерді тәжірибелік практикадан өтуге шақырды.