«Жоқ болып жүрген жаман...»
«Жоқ болып жүрген жаман...»
Сол Жалғас бірде несиеге біраз мал алып, қорасын малға толтырып қойыпты. Оған көбінесе әкесі қарап, шөбін салып, жем-суын береді екен. Содан болар ол баласының бұл қадамын да жақтыра қоймапты. Бір жолы малды жайғап үйге кіргенде:
– Балам-ай, үстімнен көңнің иісі шығады. Күні бойы қорадан шықпай, қи сасып кеттік қой, – депті. Сонда перзенті Жалғас:
– Әке, көп кісілер мұндай малға жете аламай жүр емес пе? Жоқ сасып жүргеннен, боқ сасып жүрген жақсы емес пе? – деп сөзден тағы да ұтып кетіпті.
Есет ДОСАЛЫ.
Байзақ ауданы