Азық-түлік бағасы апта сайын бақыланады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жұмысты «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы тұрақты бақылауында ұстап келеді. Аталған акционерлік қоғамның директоры Манас Беріковтің айтуынша, бүгінгі күні акционерлік қоғам бұл санатқа енген азық-түлік тауарларының бағасын қалыпты жағдайда ұстап тұр.