Экономика

Тамшылап суару арқылы табысты арттыратын жоба

The final spritzer

Облысымызға Қытай инвесторлары салып отырған инвестициялық жобалар көп. Соның бірі – Тараз қаласында орналасқан қытайлық «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік Тараз қаласында тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті іске қосты. Бұл компания жобаға инвестор ретінде 2,8 миллиард теңге салған.

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, аталған компанияның ауыл шаруашылығы құбырлары мен тамшылатып суару жүйелерін өндіруде тәжірибесі мол. Бүгінгі күні цехта 30 адам жұмыс атқаруда, зауыт толық қуатына қосылғанда 60 адамды жұмыспен қамту көзделген.

Компания басшысы Фу Биннің айтуынша, цехтың қазіргі жылдық қуаттылығы 20 гектар алқапқа жететін суару құрылғыларын шығару. Сұранысқа қарай оны компания екі-үш есеге арттыруға ниетті. Ал бүгінгі күні кәсіпорын алдағы суару маусМарат ҚҰЛИБАЕВымына қажетті жабдықтарды өткеруге толығымен дайын. Компания басшысының айтуынша, фермерлерге 6 мың гектар суару жабдықтарын үлестіру жоспарда бар екен. Тапсырыстар бірқатар аудандардан түсіп те үлгерген. Сондай-ақ, ұңғымаларды бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар да дайындалады мұнда.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы