Жасөспірімдер қылмысында ата-ананың да жауапкершілігі зор
Бүгінде өрімдей жастардың қылмысқа ұрынуы жұртты қатты алаңдатып отыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында жасөспірімдер қылмысын азайту бағытындағы мәселелер қаралды. Жиында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұлова салада атқарылған жұмыстар жайымен таныстырып, аталған бағыттағы ахуалды жеткізді.