Жаңалықтар

Алматыда азаматтарды 346 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілер қолға түсті

Алматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады. Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.