Әлеумет

Кітап оқу трендке айналып келеді

The final spritzer

Ештеңеге тең келмейтін, парасаттылық пен білімнің жинағы болған кітап – сарқылмайтын қазына. Кітапты көп оқыған адамның жан дүниесі байып ғана қоймай, тұрмыста да кездескен сынақтардан тура жол таба білетін, істің көзін табатын тапқырлыққа да ие болатынын өмірде көріп жүрміз. Осындай бағалы құндылық жиналған кітапхана – қазыналы да киелі орда. Ондағы жұмысты дұрыс үйлестіріп, кітаптарды күте біліп, оқырманға жүйелі ұсыну – кітапханашыға жүктелер ізгі міндет. Асыл қазынаның күтушілері ішкі жұмыспен қоса кітапханаға оқырман тартып, халықтың байлығын көпшілікке жеткізуге әрі таратуға да жауапты.

Осындай жауапты істі абыроймен атқарған Әсия Сейдуалиеваның қызы Гүлфайруз Іңкәрбекова да қазіргі уақытта Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасын басқарып отыр.

Ол бір ғана іссапарға барып, өз ісіне деген қызығушылығының оянуымен шабыттанып жұмысқа кірісіп, көп ізденуімен еңбекқорлығын байқатады. Осылайша, басшылық сенім артып, Гүлфайруз Қапарқызын бөлім меңгерушісі, одан соң директордың орынбасары етіп тағайындап, кейін кітапхана директоры болады. Бір салада жас маман болып келіп, басшылыққа дейін қызмет атқарып келе жатқандықтан болар, кейіпкеріміз кітапханаға келген әрбір оқырманға бала деп емес, білім іздеген, болашағынан үлкен үміт күттіретін тұлға деп қарайды. Сол себепті, кейінгі уақытта қоғамда қалыптасқан «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген пікірмен келіспейді.

Ал, анасы Әсия Сейдуалықызы Шерхан Мұртазаның библиографиялық көрсеткішін ең алғаш жасаған кітапханашы. Әңгіме барысында кейіпкеріміз анасы туралы естелікпен бөлісті.

Қорыта айтқанда, халықтың асыл қазынасын сақтап, көпшілікке тарату жауапты ғана емес, сауапты іс. Себебі, әрбір оқырман кітапханашының көмегімен іздегенін адаспай тауып, елінің игілігіне еңбек етсе, көптің мүддесіне арналған іс болмай ма? Ендеше, анасының жолын қуған қызының ұлағатты ісі өзгелерге де үлгі болар деген сенімдеміз.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА