Аймақ

Елге адал қызмет еткеннің есімі өшпейді

The final spritzer

Жақында облыс орталығында «Қазақ ССР құрметті көлікшісі», «Құрметті автокөлікші» төсбелгілерінің иегері Тынышбек Сәрсенбаев тұрған үйге ескерткіш тақта қойылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Саналы ғұмырын көлік саласына арнап, «Жамбыл автомобильдері» трестінің басқарушысы қызметін атқарған Тынышбек Сәрсенбаев мамандығына адал болды. Ол 1932 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келіп, Ленинградтағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын тәмамдайды. Мамандығы – инженер-механик. Өндірістегі алғашқы қадамын 1955 жылы бастаған ол бірнеше жылдар бойы Жамбыл облысының көлік саласында басшылық қызметтер атқарды. 1960 жылы «Казсельхозтехника» бірле стігінде еңбек етіп, кейіннен Жамбыл автотресінің басқарушысы болады. Оның баст амасымен 300 орындық такси орталығы, бірнеше автобекеттер мен жүргізушілерге арна лған демалыс орындары ел игілігіне берілген.

Мемориалдық тақтаның ашылу рәсімінде сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабаев және көлік саласының ардагері Мәмбет Күшікбаев марқұмның еселі еңбегін еске алып, оның көлік с а ласына зор үле с қосқанын атап өтті.

Ал, марқұмның қызы Эльмира Сәрс енбаева да әкесінің еңбегі мен өмір жолын тебірене жеткізді.

Бұл шара – адал еңбектің бағалануының, елге қызмет еткен азаматтардың е сімі ұмытылмайтынының белгісі. Көше бойында орнатылған мемориалдық тақта Тынышбек Сәрсенбаевтың есімін келер ұрпаққа жеткізіп, оның өнегелі өмірі мен қайраткерлігін насихаттайтын рухани мұра. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді деген осы болар.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА