Жамбылда не жаңалық?

Серік Сәлемов – облыстық бокс федерациясының президенті

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов облыстық бокс федерациясының президенті болып тағайындалды.

Облыстық бокс федерациясының президенті тағайындалған жиынға Қазақстан бокс федерациясының аймақтармен жұмыс бойынша вице-президенті Болат Әбдірахманов, Әлем чемпионы, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов пен сала басшылары, облыстық бокс федерациясының мүшелері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары қатысты.

Жиында республикалық бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов еліміздің боксты дамыту бойынша ұстанған бағдары жайында оның ішінде орталық пен аймақтардың міндеттері жөнінде кеңінен айтты.

Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Серік Жақсылықұлының кандитурасы бірауыздан мақұлданып, өңір басшының орынбасары облыстық бокс федерациясының президенті болып тағайындалды. Айта кетейік, ол жастайынан бокс, кикбоксинг және футболмен кәсіби түрде айналысқан.

Сондай-ақ, жиында облыстық бокс федерациясының вице- президенті лауазымына боксшы, меценат, «Super pharm» серіктестігі дамыту жөніндегі директоры Әділхан Әмірхановтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

 

Нұрболат АМАНБЕК