Аймақ

Бизнес бастау ешқашан кеш емес

The final spritzer

Қуырылған балық дегенде тараздықтардың есіне ерекше дәмі бар «Erma fish taraz» балықтары еске түседі. Көне шаһарымызда бір жылдан бері кәсібін дөңгелетіп келе жатқан Ерма фишті ерлі зайыпты Нұрғали Абитаев пен Таңшолпан Рахымбердиева жүргізіп отыр. Әрине достары Жұмағали мен Әйгерімнің де бұл кәсіпке қосқаны бар. Сондықтан бұл бизнесті екі достан құралған тату-тәтті отбасылар ашқан десек болады.

«Erma fish taraz» бір жылдан бері төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Түскен табыс екі отбасыға бөлінеді. Адал достардың бірі осы қуырылған балықтармен айналысса, екіншісі көліктерді техникалық жөндеуден өткізумен айналысады. Екі жақтан түскен табыс та теңдей бөлінеді. Достардың арасында кәсіпке қатысты ұрыс та, реніш те жоқ. Отағалары Нұрғали мен Жұмағали бала күннен бірге өскен достар. Ең алғаш қандай бизнес ашамыз деп ойланғанда Жұмағали Астанадан ауыздан қанша жесең де дәмі кетпейтін балық жегенін айтады. Өзара осы ойға тоқтап Елордамызда орналасқан «Erma fish kz» франшизасын сатып алуға бекінеді. Әрі десе «Erma fish kz»-тің нағыз егесі Қазақстанға танымал композитор Ғалия Өзбекбайқызы екен. Жерлесіміз Ғалия Шаудырбаева Жамбыл ауданы, Сеңгірбай ауылының қызы.Тараздағы бизнестің егесі Таңшолпан екеуі бір ауылда көрші болған екен. Осылайша олар үш жарым миллионға франшизаны сатып алып, тірлікті бастап кетеді.

Шындығында ыстықтай әзірленіп жеткізілетін сүйікті ас тараздықтарға ерекше дәмімен ұнайды. Осылайша бұл бизнес бастапқыда Ғалия Өзбекбайқызының танымал бренді болған. Енді оның құпия рецептісі сатылып, жан-жақтан ашылуда. Осы орайда кәсіптің негізін қалаушы Ғалия Шаудырбаевамен сөйлестік.

Нарықта үлкен сұранысқа ие кәсіптің бірі – балық шаруашылығы. Өйткені, қазір екінің бірі балық өнімін тұтынады. Әсіресе, жиын-той дастарханы балық етінсіз жұтаңдау көрінеді. Сұраныс артқан сайын балықтың бағасы да шарықтап барады. Бірақ осы шаруашылықты қолға алып, кәсіби тұрғыда айналысуға әлі де қауқарсызбыз. Бұл жайында кәсіпкер Нұрғали Абитаев былай дейді.

Адам – адамнан амалымен артық. Амалды мен амалсыз бірдей ме? Білетіндер мен білмейтіндер де тең емес. Табысты мен табыссыз да бірдей емес. Ризығын адалынан тауып отырған отбасыға сәттілік тіледік.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА