Мәдениет

«Ерке сылқым» күмбірлеп, ел ырысқа кенелді

The final spritzer

Наурызнаманың «Ынтымақ» күні Қордай ауылының орталық алаңына жиналған халық мерекенің шынайы шаттығын сезінді.

Сән-салтанаты жарасқан ақ шаңқан киіз үйлерде жайылған мол дастарқан халықтың қонақжайлығын паш етті. Бауырсағы мен қазы-қарта, наурыз көжесі мен сан түрлі ұлттық тағамдар жиналған жұртшылыққа ұсынылды. Алаң төрінде аудан өнерпаздарының орындауындағы «Сәлем, қазақ даласы» әні әуелеп, жүз домбырашының күмбірлеткен «Ерке сылқым» күйі ұлттық өнердің шынайы шежіресін шерткендей әсер қалдырды. Бұл көрініске сахнада өнер көрсеткен қыз-жігіттер де қосылып, думанды шараның шырайын аша түсті.

Сахна төріне көтерілген Ұмай ана мен Қыдыр ата ақ батасын беріп, елге бақ пен береке тіледі. Мереке аясында ұлттық ойындар да ұйымдастырылды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Қордай ауданы