Жүзге жуық жас өнерпаз бірігіп күй тартты

Ұлыстың ұлы күніне орай «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында жүзге жуық жас өнерпаз күйшінің қатысуымен «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж өтті. Бұл челлендждің басты мақсаты – өскелең жас ұрпақты ұлттық салт- санамен, рухани құндылықтарды бойына сіңіре отырып тәрбиелеу.
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында бұл челлендж 2023 жылдан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Челленджді өткізу барлық білім беру ұйымдарында дәстүрге айналды. Жүзге жуық өнерлі өреннің басын қосқан бастама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда. Ұлттық дүниетанымға, ұлттық өнерге деген көзқарас пен жарқын пікір еліміздің баянды болашағына, өркениет құндылықтарына әрдайым жол ашады.
Республикалық домбырашылар челленджіне қатысушы Қыдырбай Әлмерек өз әсерімен бөлісті:
Аят БАТЕЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
4-курс студенті.