Қазақтың құндылығы – Ұлттық киім

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты челлендж «Тараз теміржол» вокзалы, «Mart» сауда орталығы, Қ.Рысқұлбеков саябағында өтті.
Мұндағы мақсат – ұлттық киімдердің маңыздылығы мен тарихы туралы ақпарат беру арқылы жастарды ұлттық мәдениетке баулу. Ұлттық киімдер заман талабына сай сәнге айналып, заманауи стильдермен үйлесімділігін көрсету. Сонымен қатар, ұлттық киімдерімізді кеңінен танытып, болашақ ұрпаққа насихаттау екені анық. Челленджге 40-қа жуық жас қатысты.
Бұл күні аталған челленджге қызығушылар қатары аз болған жоқ. Ұлттық киімнің насихатталғанына жастар да риза.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы