Аймақ

Тазалық мәселесі тасада қалмайды

The final spritzer

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің қатысуымен брифинг өтті. Онда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар барысы туралы талқыланды.

Облыс бойынша 371 елді мекенде қоршаған ортаға эмиссиялары бар 163 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны орналасқан. Оның 159- ы коммуналдық меншікте, 4-уі жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген екен. Бүгінгі күнге полигондарда жалпы 3,2 миллион тоннадан аса тұрмыстық қалдықтар жиналыпты. 2024 жылы жинақталған қоқыс көлемі – 58,7 мың тонна, бөлек сұрыпталған қалдықтардың үлесі 20 пайызды құраған.

Жалпы, биыл да бұл акция жалғасын таппақ. Бүгінгі күнге осы платформа арқылы аумақтарды күл-қоқыстан тазартуға қатысты 426 өтінім түскен. 2025 жылы облыс бойынша елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарына 2,4 миллиард теңге бөлініпті. Ал, көгеріштендіру жұмыстарына биыл 1,2 миллиард теңге қаралған.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА