Аймақ

Тазалық өз аулаңнан басталады

The final spritzer

Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Осы ретте, өңір тұрғындарының қатысуымен бірқатар тазалық байқаулары өтті.

Тараз қаласы Әулиеата ауданы №5 шағынауданында «Таза аула – таза қала» атты экологиялық байқау өтті. Шара аясында тұрғындар аула ларды күл-қоқыст ардан тазартып, арнайы орындарға апарып төкті.

Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да жалғасын тапты. Атап айтқанда, Талас ауданының Қаратау қаласында және Шу ауданының Шу қаласында «Таза аула», Сарысу ауданының Жаңатас қаласында «Таза қала» байқаулары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, биыл облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген. Ағымдағы жылы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жалпы 8,3 миллиард теңге қаралған болатын. Бұл қаражатқа тарихи-мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау, саябақ пен сквер аумағына санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Облыс бойынша көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық айлығы жарияланып, ол 1 наурыздан басталды. Бұдан бөлек, наурыз- сәуір айларында «TazaLike» іс-шарасы өткізіледі.

Жыл ішінде экологиялық акцияның шеңберінде «Үлгілі ауыл» және «Үлгілі аула» облыстық конкурсы қайта өткізіліп, жеңімпаздарға комақты жүлделер табысталатын болады.

 

«Aq jol»-Aqparat.