Мәдениет

Қазаққа қастерлі аспап

The final spritzer

Мәдениет, салт-дәстүр күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық бірлесіп, облыс орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты домбыра пати ұйымдастырды.

Іс-шара жөсөспірім балаларға ұлттық құндылықтарды үйрету, оқушыларды патриоттық іске тәрбиелеу мақсатында жүзеге асты.

Іс-шарада «Бозторғай» домбырашылар оркестрінің өнерпаздары Құрманғазының «Балбырауын», Раздықтың «Салкүрең» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Олардың домбырасының шанағынан шыққан күй жиналған көпшіліктің назарын аударды. Осылайша, жиналған көпшілік домбыраның қасиетін сезіне түсті.

Есет ДОСАЛЫ