Оқушылар жазушымен сырласты

Биылғы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Тараз қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында әдеби кеш өтті. Бұл кеште оқушылар жазушы, драматург, қоғам қайраткері Елен Әлімжанмен кездесіп, сырласты, сұхбаттасты. Жас ізденушілер өздері оқыған жазушының көркем шығармаларына қатысты көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қаламгермен ашық пікірлесті.
Елен Әлімжанның шығармаларына арналған әдеби кеш жазушының «Анажар» романының үзіндісін мұғалім Ерлан Нұрлановтың мәнерлеп оқуымен басталды. Ал, мектеп оқушылары Елен Әлімжанның прозаларын жатқа оқып, бірқатары қаламгерге арнап шығарған өлеңдерін тарту етті.
Осы алғашқы әңгімесі 1964 жылы жарық көрген Қазақстан жазушыларының «Таңғы шық» жинағына енген. Одан бөлек, 1978 жылы «Оралу», 2000 жылы «Көріпкел», 2016 жылы «Ақ періште – арманым» әңгімелер мен хикаяттары, 2006 жылы «Тақталас», 2005 жылы «Толық адам туралы», 2010 жылы «Бауыржанның пырағы», 2013 жылы «Адамгершіліктің ақ жолы» атты пьесалар мен публицистикалар жинағы, 2019 жылы «Анажар» романы қалың оқырманға жол тартып, бүгінде оқырманның жүрегінен орын алды. Оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы өз аузынан естіп ғана қоймай, бейнероликпен де танысты.
Қамар ҚАРАСАЕВА