Сұраныстағы мамандық – толағай табыс кілті

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі тандауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе, ол бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық.
Осы мақсатты орындау барысында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жоспарға сай оқыту кезінде бұл іс-шаралар ата-аналар және студенттермен үзбей жүргізілуде.
Әрине, мамандық таңдау – өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Сондықтан студенттерге бүгінгі күнгі сұранысқа керек мамандықтарды таңдауға, осы салада білім алу арқылы еліме қандай пайда тигізе аламын деген ой-пікірлерін ортаға салу мақсатында «Кәсіптік білім – табысты маман» атты дөңгелек үстел, кеңес, сауалнама және сұранысқа керек мамандықтар жөнінде ақпараттар берілді. «Неліктен мен осы мамандықты таңдадым?», «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?», «Оқу орнын бітіргеннен кейін қандай қызмет атқаратын боламын?» деген сияқты сауалдарға бейне-слайд, пікірталас арқылы жұмыстар жүргізіліп, жауаптар алынды. Әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқанына барлығымыз куәміз. Бүгінде заманауи жаһандану заманында сұранысқа керек мамандықтар: ІТ-маман, сәулетші, құрылысшы, жерге орналастырушы, автомеханик, электротехника, радиотехника, менеджер және тағы басқалар. Осы мамандықтар туралы студенттерге кеңес берілді. Жақсы жұмыс тауып қана қоймай, мансапқа жетуі үшін болашақта сұранысы мол және ең қажет мамандықтар таңдайды деп сенеміз. Әрбір студенттің мамандықты дұрыс таңдаудан қателеспей, өз Отанына үлес қосатын үлкен азамат болса екен деп үміттенеміз. Өйткені өзі мамандығын жақсы көретін адам ғана нәтижелі жұмыс қөрсете алады.
Айнел НҰРБАЙТЕГІ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері.