Пернайым Сағымбекқызы– 80 жаста!

Мұғалім көп, ұстаз аз. Ұстаздыққа жету оңай емес. 1945 жылдың 22 наурызында дүниеге келген ардақты ұстазымыз Пернайым Сағымбекқызы бүгінде мерейлі 80 жасқа толып отыр!
Сіз саналы ғұмырының қиындықтарын артқа тастап 50 жылдан аса табан аудармай жас ұрпаққа білім, тәрбие беріп келдіңіз. Бұл салада да қиындықтар жетіп артылады. Бірақ соның бәріне мойымай, кез келген істің оң шешімін тауып, иуі қиын мәселенің басына береке алып келіп, университеттің барлық ұжымының көңілінен шығып жатуының өзі сіздің көреген саясатыңыздың арқасы деп білеміз.
Сіз кез келген істің көзін тауып, жетілдіріп, көптеген ұстаздардың болашағына ізгі жол сілтедіңіз. Жұмыс атқарған уақыттарда үнемі ізденіс үстінде жүріп өзіңіз де өзгелерді жан-жақты іскер болуға үйреттіңіз.
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, кішіге қамқор ретінде сыйлаймыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми жаңалықтарды енгізуге озық ойлайтын кемел қабілетіңіз бізді тәнті етпей қоймайды.
Сіздің алдыңыздан қаншама бала білім алып, тәрбиеленіп, білікті маман болып шықты. Ұстазының қандай екені шәкірттерінің бойынан көрініп тұрады.
Сіз тәрбиелеген шәкірттердің барлығы мақтауға тұрарлық. Көпшілігі жоғары оқу орындарын үздік аяқтап, қазір мамандықтары бойынша еліне еңбек етіп жатыр.
Қызметтес әріптестеріңіз сізді біліміңіз бен білігіңіз, кішіпейілдігіңіз бен қарапайым қасиеттеріңіз, ел мұқтажына деген елгезектігіңіз үшін құрметтеп, қадір тұтады.
Өміріңіздің көп бөлігін мемлекетіміздің мерейлі биіктерден көрінуіне арнаған сіздің, дархан да дана, кемел де кеңпейіл халқымызға алдағы уақыттарда да қалтқысыз қызмет ете беретініңізге сеніміміз мол.
ҚАДІРЛІ ПЕРНАЙЫМ САҒЫМБЕКҚЫЗЫ!
Бүгінгі мерейлі мерейтойыңыздың үстінде сізге алдағы асқаралы асулардан алқынбай асып, абырой биігінен көріне беруіңізге деген тілектестігімізді білдіреміз. Шаңырағыңыздан шаттық үзілмей, шат-шадыман ғұмыр кешіңіз. Денсаулығыңыз зор, ырыс-дәулетіңіз мол болсын!
Ізгі тілекпен тілек білдірушілер, 1975 жылғы түлектеріңіз: Ермахан Алиев, Роза Бүркітбаева, Абай Жусупов, Дариға Мәдібекова, Дильбар Нурова, Орынбасар Сағымбеков, Қалбүбі Тоқтанаева, Төребек Тұрғанбеков.