Қоғам

Алыстаған сайын асқақтай береді

The final spritzer

Фашизмге қарсы Ұлы Жеңістің 80 жылдығының қарсаңында әкемнің мұрағат құжаттарын парақтап көрдім, онда негізінен аудандық және облыстық газеттердегі әкем туралы мақалалар болатын. Олардың шағын үзінділерінен жауынгерлік жолды зерделей отырып, ғаламтор желісінен сол шайқастар туралы мәліметтерді, шайқас болған жерлердің фотосуреттерін қарап шығып, куәгерлердің естеліктерін оқыған соң, қазір солардың бәрін немере-шөберелеріміз үшін жазу керектігін ұғындым. Бұл алапат соғыс туралы болашақ үшін жазуымыз және еске алып, ешқашан ұмытпауымыз қажет.

1942 жылдың тамызында 18 жасқа толмаған, Жамбыл облысы, Меркі ауданының Қызылсай ауылындағы колхозшы Рысқұлбектің жалғыз ұлы Беделбай Отан алдындағы борышын атқаруға аттанады.

1941 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Ленинград қаласы қоршауда болған. Неміс генералдық штабының бастығы Гальдер 18 қыркүйектегі Ленинград жанындағы шайқас туралы күнделігінде былай жазады: «...Ленинград майданындағы жағдай біздің жақтасымыз аштық таралмайынша қиын болады».

Беделбай қызмет атқарған ІІХК-ның (iшкі істер халық коммиссариатының) 138-полкі Ленинград майданының құрамында болған. Полк Ладога көлі арқылы азық-түлік артылған автомашиналар легін жіберіп отырды. Полк бөлімшелері ерекше тапсырмаларды орындады: қосымша күш келгенше бұзып өтілген майдан шебін тасалап, тыл қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Аймақты майдан, тыл деп бөлмей, әр жауынгер ленинградтық болды. Мұндағы бомбалау, артиллерияның оқ жаудыруы, аштық, ызғардың бәрін Беделбай да бастан кешті.

– 1943 жылдың ақпанында Демянскідегі шабуыл операциясына қатыстым. Демян қапшығы Ұлы Отан соғысының тарихына неміс әскерлері тобын бірінші рет қоршауға алу ретінде енді. Шайқастар орманды және батпақты жерлерде өтіп, екі жақ та көп әскерін жоғалтты. Гитлердің «қайткенде де Демян тобын тірі сақтап қалу» деген бұйрығын мүлтіксіз орындай отырып, 16 неміс әскері «Рамушев дәлізі» аймағына дивизияны бірінің артынан бірін жіберіп отырды, осылайша «қапшықта» қалған жауынгерлердің «азығы» болған жалғыз жолға бөгет қоюға жол бермеді. Шегініс кезінде немістер артынан үш қабатты миналы алқаптар қалды, ондағы миналау тығыздығы әр километрге шаққанда 1200-1500 минаны құрады. Бірқатар солдаттармен бірге Беделбай минашы ретінде әр орынсыз қимыл өлімге әкелетін мұз баспайтын батпақты жерлерде, тар уақыт қыспағында күні-түні минасыздандырды...

1944 жылдың басында комсомолшы Б.Рысқұлбеков Новгород және Луга қалаларын қамаудан шығару шайқастарына қатысты. Ұлы Новгород басқыншылықта 883 күн болды. 1944 жылдың 20 қаңтарында Кеңес әскері қаланы босатқан кезде, ол толықтай қирап, елсіз қалып еді. 2500 тұрғын үйдің ішінен тек 40 үй ғана аман қалды. Барлық сәулет ескерткіштеріне қатты зиян келді, олардың ішіне София соборы мен «Ресейдің мыңжылдығы» ескерткіші де болатын. Қоршаудан шығарған сәтте қалада бар болғаны 30 тұрғын ғана қалды – қалған жұрттың бірін Германияға айдап салса, енді бірін басқыншы әскер қырып жойған.

Ленинград қаласына жетудің ең қысқа жолы Луга арқылы болатын. Маршал Жуков пен маршал Василевский Луга шебі мен ондағы шайқасты Смоленсктегі шайқаспен, ал Луганы Брестпен салыстыратын. Луга қорғаныс бөлімінің әскері гитлерліктерді 47 күн бойы ұстап тұрды.

Қала 1941 жылдың 24 тамызынан бастап 902 күн басқыншылықта болды. Бұл қаланың Киров және Октябрьсктегі теміржолдарды басқару мүмкіндігін қалпына келтіруде маңызды стратегиялық орны болды. Луга шебін қайткен күнде де ұстап қалуды көздеген неміс командованиесі бүкіл күшін осы аймаққа шоғырландырды – ақпанның басында мұнда 12 танк, 4 жаяу әскер дивизиясы, жаяу әскер дивизиясының 6 ұрыс тобы және 6 дивизия мен бригададан қалған әскер шайқасқа қатысты.

Мұндай көлемдегі топқа кеңес әскері тек 1944 жылдың 12 ақпанында ғана тойтарыс бере алды. Луга қаласының аумағында полк немістердің тылдағы қорғанысында, басқыншылыққа алынған халықты жазалау операцияларында және партизандармен күресте қызмет еткен абверді солдаттармен қамтамасыз ету базасы болған Власов әскерінің бөлімшелерін тас-талқан етті.

Тарту (Юрьев) қаласы фашистердің басқыншылығында 3 жыл 1 ай болды. Қаланы кеңес әскері 1944 жылдың тамыз айында қамаудан шығарды. Беделбай 1945 жылдың соңына дейін гарнизон қызметінде болып, әрекеттегі Қызыл әскерді қорғау жөніндегі міндеттерді атқарып келді.

1945 жылдың соңында командование бұйрығымен Б.Рысқұлбеков Мәскеудегі қылмысты іздестіру (МҚІ) органына қызмет бабымен аударылады. Соғыстан кейінгі жылдары астанадағы оперативтік жағдай ауыр болатын, халықта оқ ататын қару тым көп болды. Мәскеу гастрольшы қылмыскерлерді еліктіре бастады. Мәскеудің беделді деген «Националь», «Савойя», «Европа» қонақүйлерін, елшілік қызметкерлері, сауда кеңесшілерін, елшілерді жаппай тонау орын алды. Қаруланған тонаушылар тобы жинақ кассалары мен дүкендерді тонады. Соғыстан кейінгі қылмыскерлерге жаппай рақымшылық жариялау да маңызды рөл ойнады. Соғыстың салдарынан балалардың қараусыз қалуы дамып, жастар арасындағы қылмыстың көбеюіне себеп болды.

1949 жылы Беделбай туған ауылына әкесін жерлеуге келеді. Ауыл ақсақалдары үйдің жалғыз ұлы Беделбайға, туған өлкеге қайтып, иесіз қалған шаңырақты қайта көкке көтеруге кеңес береді. Беделбай Меркі ауданының милиция бөліміне ауысады. Бұл жерде ол зейнеткерлік демалысқа шыққанша ауыр жұмыстардың бірі – қылмысты іздестіру бойынша аға инспектор болып қызмет етті.

Кеңес милициясында мінсіз қызмет еткені үшін Беделбай Рысқұлбеков мәртебелі белгі «Отличный минер», «Қаһармандық үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «І және ІІ дәрежелі мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі орденімен, Жеңіс күнінің мерейтойларына және Кеңес милициясының мерейтойларына қарсы медальдармен марапатталды. Жерлестерінің бастамашылығымен оның құрметіне Меркі ауданы, Қызылсай ауылында көшеге аты берілді.

Жерлестерінің есінде ол мінсіз адал, таза, қарапайым, жоғары құрметке лайықты тұлға ретінде қалды.

 

Раиса РЫСҚҰЛБЕКОВА,

«Невада-Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры.