Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма екінші сессиясы 2025 жылдың 19 наурыз күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 15:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. Облыс аумағында жергілікті бюджет қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру және салық түсімдерін ұлғайту жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы.
2. Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
3. Әр түрлі мәселелер.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2025 жылдың 19 наурыз күні сағат 14:30-да басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2025 жылдың 19 наурызында сағат 11:00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырма екінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың төрағасы.