Жаңалықтар

Ардақты Аналарға, Аяулы Аруларға құрмет

The final spritzer

Жыл сайынғы дәстүр бойынша 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты іс-шарада аяулы аналар мен қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады. Іс-шараға ақ жаулықты әжелер мен көпбалалы аналар, түрлі сала өкілдері, аймақ дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер және спортшы арулар қатысты. Аймақ басшысы Әулиеата өңірінде әйелдердің білім, кәсіпкерлік салаларындағы бастамашылдығына айрықша тоқталып, облыста көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.