Әдебиет

Қыздар форумы ұлт тәрбиесіне негізделді

The final spritzer

Көктем мерекесі – Халықаралық қыз-келіншектер мейрамының қарсаңында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» атты облыстық арулар форумын ұйымдастырды. Бұл форум – қазақ қыздарының бойындағы қайсарлық пен нәзіктікті, білім мен өнерді, еңбексүйгіштік пен жан-жақты дамуды дәріптеуге арналған ерекше алаң болды.

Қазақ тарихында елінің мақтанышы, ұлтының ары мен намысы болған қайсар қыздар аз емес. Томирис ханшайымнан бастап, Домалақ ана, Айша бибі, Ұлжан мен Зере, Әлия мен Мәншүк сынды батырларымызға дейін барлығы да қазақ әйелінің ақылдылығын, даналығын, ержүректігін, қайсарлығын дәлелдеген тұлғалар. Бүгінгі қазақ арулары да осы даңқты жолды жалғастырып, әр салада үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Ғылымда, өнерде, спортта, кәсіпкерлікте, медицинада, мемлекеттік қызметте, қай бағытта болмасын, қазақ қыздарының жетістіктері мақтауға лайық. Қазақ аруы – тек сұлулық пен нәзіктіктің символы ғана емес, ол – ұлттың тірегі, рухани байлығы. Қай ғасырда да қазақтың намысын қорғаған, білімге ұмтылған, ұлттық құндылықтарды сақтаған, ертеңгі ұрпаққа тәрбие берген қыздарымыз елдің көркі болып қала бермек. Соның ішінде өз облысымыздан шыққан арулар – қазақ қыздарының қайсарлығы мен даналығының жарқын көрінісі. Топырағынан талай талант түлеген бұл өңірдің арулары сан саланың көшбасшысы атанып, елдің мақтанышына айналған. Жамбыл жерінен шыққан дара тұлғалардың қатарында – Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимова, қазақ поэзиясының ақ гүлі Күләш Ахметова, суретші Фатима Зауырбекова, әнші Бағдат Сәмединова, Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, әлем чемпионы Фируза Шарипова және көптеген басқа да жаны нәзік болса да рухы мықты арулар баршылық. Осындай аяулы арулардың жолын жалғап, әр саланың биігіне шығып, өзгеге үлгі болып жүрген қыз-келіншектер қыздар форумының басты қонақтары ретінде қатысты. Олар – ғылым мен өнерде, спорт пен медицинада, журналистика мен азаматтық қорғауда үлкен жетістіктерге жетіп, өз еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүр.

Кеш қонақтарына арнайы сый-сияпат тарту етілді. Сонымен қатар, залдағы барлық ақ жаулықты аналарға дәстүрдің жалғасы ретінде орамал сыйға берілді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА