Бірқатар азаматтар партия мүшелігіне қабылданды

Елімізде 1 наурыз – Алғыс айту және Amanat партиясының құрылған күні. Қос мерекеге орай партияға қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Amanat партиясының қатарына өткен азаматтарға партия билеттерін табыс етті.
Филиал төрағасы партияның алдында тұрған міндеттерді жаңа мүшелермен бірге абыроймен атқарамыз деген ниетін жеткізді. Себебі, жаңа мүшелер қашанда жаңа леп, жаңа бастама әкеледі.
Партия қатарына қабылданғандардың қатарында Jambyl телеарнасы директорының орынбасары Айбол Қарашев та бар.
«Партияластар қатарына қосылғаныма қуаныштымын. Өңірдегі игі істерге бұрыннан мұрындық болып жүруші едім, енді тіпті жақсы істердің басы-қасында жүремін деп сөз беремін. Әрине, журналист еркін болуы қажет. Десе де сенімді, халыққа пайдасы тиіп жүрген партияның өкілі болуға қарсы емеспін», – деді ол.
Айта кетейік, партия қатарына өңірдегі өндіріс орындарының жұмысшы мамандары, сондай-ақ, білім және денсаулық сақтау, мәдениет салаларының өкілдері қабылданып отыр.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА