Жаңалықтар

Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті

Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі арнайы контингент өкілдері Алғыс айту күнін атап өтті.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан 70-тен астам азаматтардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар. 

Бұл күні сотты болғандар өз алғыстарын қағаз бетіне түсіріп, ынтымақтастықтарын нығайта түсті. Шара барысында олар ата-анасына, ағайын-туыстарына және бір-біріне алғыстарын айтып, шынайы тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқының ассамблеясы құрылды. Бұл – егемен еліміздегі барлық этностардың бірлігі мен достығы, татулығының символы.