Аймақ

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

The final spritzer

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды түсіндіру мен қоғамда жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеуді насихаттау – Amanat партиясы облыстық филиалының негізгі бағыттарының бірі. Партияның облыстық филиалы әсіресе, сыбайлас жемқорлық дертімен күресті өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, партияның облыстық филиалымен өткен жылы оқушылар арасында эссе жазудан байқау өткізсе, биыл карикатура байқауын ұйымдастырылды.

Байқау нәтижесінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыптағы карикатура жанрының жеңімпаздары анықталды. Бұл сынға Тараз қаласы мен аудандардан 11 туынды ұсынылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері қолдарына қылқаламды серік еткен жасөспірімдердің шығармаларын әділ бағалады. Карикатураның көркемділігінен бөлек, айтар ойына да мән берді. Шынында, дарынды оқушыларымыз сыбайлас жемқорлықпен күресті ақ қағаз бетінде барынша бейнелеген.

Салтанатты іс-шарада партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Amanat партиясы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізудің өзіндік тәжірибесін орнықтыра білгенін атап өтіп, партияның облыстық және де аудандық филиалдары тарапынан бұл іске айрықша сергектікпен қарап, маңызды істе партиялық белсенділік танытып келе жатқанын жеткізді. Себебі, мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі мақсаты, қоғамды жайлаған міндеттен құтқаруға негізделген.

Мұнан кейін байқау жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде, Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 8-сынып оқушысы Амалия Шакизинданың туындысы жеңімпаз ретінде танылды. Сол секілді Мойынқұмнан келген Асылжан Қоңыратбай ІІ-орын, ал сарысулық Алуа Боранбай ІІІ-орын алды. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен дипломдар табыс етілді.

 

«Аq jol»-Aqparat.