Аналар форумында ауқымды ойлар айтылды

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы әр салада жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары аудан орталығында ұйымдастырылған Аналар форумына қатысты.
Жаратылысынан ұрпақ жалғап, бала бойына тәрбиенің нәрін құю міндеті жүктелген аналарға арналған алқалы жиын мәнерлі өлеңмен басталды. «Ана – ұлттың айнасы» тақырыбында өткен форумның мақсатына назар аудартқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жамбылдық іскер аналардың еңбектерін де атап өтті.
Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев аталмыш Аналар форумы өткен жылы облыс орталығында өткізілген Әжелер форумының жалғасы екенін айтып, қоғамда ата-анаға, мұндай басқосулар жасы үлкенге деген құрметті арттырып, тәрбиеге тұтас жұрттың назарын аударту негізге алынатынын жеткізді.
Айта кетейік, ауданда Ана лар кеңе сі 2022 жылы ұйымдастырылып, құрамына 15 мүше белгіленіп, ауданның 15 округіне жетекшілікке бекітілген.
Ананың қоғамдағы орыны жөнінде жазушы Ділдәр Мамырбаева мен облыстық Аналар кеңе сінің төрайымы Хадиша Оспанова ойларын ортаға салды.
Аталған форумда «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Бағжанов ұйымның саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруда атқарып жүрген жұмыстарынан хабардар етті. Жиын қорытындысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов форумның үндеуімен таныстырды. Елдің дамуына, қоғамның мәдениеті мен бала тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген аналарды аудан әкімі Ернар Есіркепов Алғыс хатпен марапатт ады. Форум аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Қамар ҚАРАСАЕВА