Жаңалықтар

Белеске толы – бес жыл

The final spritzer

Облыстық «Руханият және тарихтану орталығына» Халық жазушысы, қазақ баспасөзінің сайып қыраны Шерхан Мұртазаның есімі берілгеніне биыл 5 жыл толды.

Айтулы күнге орай, бүгін Шераға орталығында «Белеске толы – бес жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде сөз алған Шераға орталығының бұрынғы директоры Сауран Калиев мекеменің 5 жылда атқарған жұмыстары мен жемісті жетістіктеріне тоқталып, ескі әріптестеріне сәттілік тіледі.

Белгілі айтыскер ақын, Жамбыл атындағы айтыс ақындары мен жыршы-термеші орталығының қызметкері Ербол Камбатыров та өзіні Шераға орталығында қызмет істегенін және көптеген дүниелерді осы мекемеден үйренгенін мақтанышпен айтып, бұрынғы әріптестеріне ізгі тілегін білдірді.

Еске сала кетейік, «Руханият және тарихтану» орталығы 2019 жылдың қараша айында ашылғанымен  Шерағаның есімі 2020 жылдың ақпан айының жиырмасыншы жұлдызында берілген.

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ,

Шераға атындағы руханият орталығының «Шерхантану» бөлім меңгерушісі