Құқық

Елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайды

The final spritzer

Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қазан- қараша айларында құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне қатысты зерттеу жүргізген. Нәтижесінде сұралғандардың 64,9 пайызы өздері тұратын ауданда толық қауіпсіз сезінетінін, 29 пайызы жеткілікті қауіпсіз, 5,2 пайызы қауіпсіз емес және 0,7 пайызы қауіпті екенін жеткізген. Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері ретінде жарықтандырудың болмауы не жеткіліксіздігі, жалғыз шығудан қорқу деп көрсетілген. Бұған қоса сауалнама қатысушыларының прокуратураға – 66,1 пайызы, полицияға – 64,3 пайызы және сот жүйесіне 62 пайызы сенетіні белгілі болған.

Атап өту керек, былтыр республика көлемінде қылмыс деңгейі 5,3 пайызға төмендеген. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары азайғаны байқалады. Бұл жөнінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өткен жылдың қорытынды есебінде белгілі болды.

Жалпы, елде жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыс саны азайған. Заманауи тергеу әдістерін енгізудің нәтижесінде барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрс еткіші жақсарған. Министрлікте есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылып, өткен жылы 12 ай ішінде 7 920 есірткі құқық бұзушылығы анықт алды. Нәтиже сінде 22 тонна е сірткі тәркіленіп, 63 зертхана жойылған. Мамандар жол қауіпсіздігі мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол апаты тіркелген. Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу міндеті жүктелген.

Айта кетейік, елдің 20 өңірінің жетеуінде қылмыс саны өсіп отыр. Көрсеткіш көбейгендер қатарында Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ұлытау, Алматы, Ақмола облысы бар. Алайда, барлық қылмыстың 40 пайызын құрап, антирейтингте Астана мен Алматы қаласы және Алматы облысы көш бастап тұр.

Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары өңір-өңірлерде киберқылмыс күшейіп келеді. Бұл мәселеде Ішкі істер министрлігінде бейінді департамент ашылды. Сондай-ақ елде жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс үшін іздестіріліп жүрген 1 949 қылмыскер ұсталып, 1 361 жоғалған адамның дерегі анықталған. Ал ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы басым бағыттың бірі. Қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде үшеуі – трансұлттық сипатта. Иә, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру – қылмыстардың алдын алуда маңызды рөлге ие. Былтыр «Кадрлық әлеуетті арттыру жылы» деп жарияланған. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды.

 

Есен ӨТЕУЛІ