Тараздағы түзеу мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті

Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен сарысулық азамат бостандыққа шықты.
Отыз жастағы ер адам сот үкімі негізінде кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Бұл күні» Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы аясында оған құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. ҚАЖ қызметкерлері еркін өмірге жолдама алған азаматқа қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертті.