Қоғам

Жамбылда жақсы жобалар жүзеге асады

The final spritzer

«Қазыналы қария – тұнып тұрған дария» деген сөзді қазақ текке айтпаса керек. Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында «Қариясы бар ел азбас» тақырыбында келелі жиын өтті. Орталықтың ұйымдастыруымен өткен бұл жиында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері бас қосты. Келелі кездесудің өтуіне аталған орталықтың ішінен жаңадан ашылған «Дәстүр мен өнер бөлімі» ұйытқы болып отыр.

Жиында облысымыздағы ұлттық құндылықтарға байланысты дүниелер, жастарға өнеге болатын тәлім-тәрбие төңірегіндегі мәселелер талқыланып, ұйымдастырушылар мен ақсақалдар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жиында облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев сөз алып, қазіргі жастар мәселесіне тоқталып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді насихаттау қажет екенін атап өтіп, пікірі мен ұсынысын ортаға салды.

«Шераға орталығынан ашылып отырған жаңа бөлім бізді қуантып отыр. Қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтар мен салт- дәстүріміздің нәрімен тәрбиелеу үрдісі құрдымға кетіп бара жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Осыны ескере отырып ашылған жаңа бөлімге сәттілік тілейміз. Біз орталықтың ұсынысымен әрқашанда келісімге келіп, жас ұрпақ тәрбиесі болсын, басқа да қоғамдық іс-шараларды бірге атқаруға дайынбыз», – деді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Ілиясов.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері Оңласын Есіркепов, Сәрсенбай Күзербаев, Дүйсенәлі Бықыбаев, Жұмабек Талғат, Тұрсынхан Толқынбайұлы сияқты ардагерлер өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

 

Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ,

Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы «Шерхантану» бөлімінің меңгерушісі.