Көп көңілінен шыққан кәсіпкер

Елге жасаған қайырымды ісімен көпшіліктің құрметіне бөленген кәсіпкердің бірі – Раушан Үсенова. Ол Тараз қаласындағы «Балқарағай» және «Қарахан» мейрамханаларын басқарып отыр. Мұнда негізінен имандылыққа бастайтын той-думандар, құдалықтар мен еске алу кештері ұйымдастырылады.